Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары жауапқа тартылды

Облыстың бірқатар шенеунігі заң талаптарын бұзғаны үшін жазаланды

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 20:41

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлытау облысында «Прокуратура туралы» Конституциялық заң талаптарын бұзғаны үшін бірқатар лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 664, 665, 666-баптары бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

«Қарау нәтижелері бойынша сотпен Ұлытау облысы әкімінің 2 орынбасары, Жезқазған қаласының әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің м.а., Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бүгінгі таңда кінәлі тұлғалармен жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл төленді», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91