Қазақстанда жол қозғалысына қатысты жаңа айыппұлдар енгізіледі

Заң жобасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулермен әзірленген

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 19:33

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

Мәжіліс депутаттары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Депутат Нұртай Сабильянов «Жол жүрісі туралы» көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру туралы» заң жобасын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулермен әзірлегенін айтты.

«Заң жобасы шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу мен пайдалануды құқықтық реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сондай-ақ, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін көлік құралының рұқсат етілген жылдамдығын айтарлықтай асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылды», — деді Сабильянов.

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75