Алаяқтық әрекеттің алдын алу: Мәжілісте қандай шешім қабылданды?

Енді жеке компаниялар азаматтардың деректерін сақтамайды

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 20:21

pixabay.com

pixabay.com

Ұлттық банк жанынан алаяқтық операцияларға қарсы орталық құрылады. Ол жалған транзакцияларды бақылауға және болдырмауға, ақша аударымдары мен алаяқтардан түсетін қоңырауларды қадағалауға жауапты болады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл қазақстандықтарға қарсы жасалатын алаяқтық схемалармен күресуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің бірыңғай платформасы іске асырылады. Енді жеке компаниялар азаматтардың деректерін сақтамайды, жұмыс кезінде олар мемлекеттік деректер базасына жүгінеді.

Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде алаяқтық мәселесін қозғаған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08