Енді төтенше жағдайда байланыс операторлары SMS жіберуге міндетті болады

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде хабарламалардың уақытында жетпеу тәжірибесін қайталамау қажет

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 19:51

Көрекі фото: newsapi.com.au

Көрекі фото: newsapi.com.au

Енді байланыс операторлары төтенше жағдай уақытында қазақстандықтарға SMS жіберуге міндетті болады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты.

«Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы технологиялардың әсерінен хабарламалардың уақытында жетпеу тәжірибесін қайталамау қажет.

Сондай-ақ олардың өтініші бойынша жедел штабтың қарамағына ұялы байланыс станцияларын беру міндеті де енгізілді. Мысалы, орман өрті аймақтарын коммуникациямен қамтамасыз ету. Жалпы алғанда мұндай қажеттілік әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болған кезде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде туындауы мүмкін», - делінген Мәжілістің хабарламасында.

Айта кетейік, өткен айдың соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткен. Осы кеңесте Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезіндегі тиісті органдардың жұмысын сынға алған болатын.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94