Төтенше жағдай уақытында ТМД елдерінің дәрігерлері үшін шекарадан өту тәртібі жеңілдейді

Мәжіліс келісімді ратификациялады

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 18:41

Көрекі фото: AFP 2023 / Cesar Manso

Көрекі фото: AFP 2023 / Cesar Manso

Төтенше жағдай кезінде ТМД елдерінің дәрігерлері үшін шекарадан өту тәртібі жеңілдейтін болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс ТМД елдерінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2022 жылы 28 қазанда Астанада қол қойылған.

Келісімнің маңызды тармақтарының бірі – мамандандырылған эпидемияға қарсы бригадалардың іс-қимылының жеделдігі, төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың мемлекеттік шекарадан өтуі қажет болған жағдайда ұзаққа созылатын рәсімдерді жою.

Құжат ратификацияланғаннан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің дәрігерлері қажетті техникалық құралдарымен төтенше жағдай кезінде елдер арасында көмек көрсету үшін емін-еркін жүре алатын болады.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94