Франция президенті Украинаға көмек ретінде Батыс елдері әскер жіберуі мүмкін екенін айтты
Еуропа елдері басшыларының Париждегі кездесуінде Украинаға Батыс әскерін жіберу нақты ұсыныс ретінде қарастырылмады, деп мәлімдеді Эстонияның премьер-министрі Кая Каллас. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Шыны керек, әскер жіберу туралы мәселе талқыланған жоқ, бұл тіпті ұсыныс та емес. Мүмкін аудару кезінде қателік кеткен шығар. Бұл қазір келіссөздердің тақырыбы емес.
Иә, көп нәрсе талқыланды. Әрқайсымыз Украинаға қазір және қолда бар мүмкіндіктермен қалай көмектесе алатынымыз туралы ойлануымыз керек. Бұл тілектер бәріне жетті, ал қуантатыны – келіссөз үстелінде нақты әрекет етуге деген үлкен ынта мен ерік болды», - деді Каллас.
Сөзін жалғай отырып, Украинаға көмек көрсету туралы пікір білдірді.
«Біз украиналықтар сұраған нәрселерге көңіл бөлеміз. Олар оқ-дәрі, техника, әуе қорғанысын күшейтуді сұрайды», - деді Эстония премьер-министрі.
Оның айтуынша, Париж кездесуінің маңызды қорытындысы – Киевті оқ-дәрімен қамтамасыз ететін жаңа коалицияның құрылғаны туралы хабарландыру болды.
Ал Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға көмек ретінде Батыс елдері әскер жіберуі мүмкін екенін айтты.
Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Батыс Украинаға әскер жіберсе, Ресей мен НАТО соғысуы мүмкін екені айтты.