Ресейдің Украинаға шабуылы: бір тәулікте 300-ге жуық жарылыс болды

Шабуыл барысында бірнеше адам қаза болды

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 15:45

Фото: t.me/Klymenko_MVS

Фото: t.me/Klymenko_MVS

Ресейдің Украинадағы Сум облысына жасаған шабуылынан екі адам қаза тауып, сегіз адам жараланды, деп мәлімдеді аймақтық әскери әкімшілік. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өткен тәулік ішінде ресейліктер Сум облысындағы шекаралас аудандар мен елді мекендерге 59 шабуыл жасады. 296 жарылыс тіркелді. Юнаковская, Хотинский, Миропольский, Белопольский, Краснопольский, Великописаревский, Новослободский, Шалыгинский, Эсманьский, Середино-Будский, Зноб-Новгородский, Свесский, Дружбовский громадаларына оқ жаудырды», - делінген хабарламада.

Хотинский громадасын артиллериялық атқылау нәтижесінде екі полиция қызметкері қаза тауып, алтауы жараланды. Середино-Буда қауымдастығында тағы екі жергілікті тұрғын жарақат алды, деп хабарлады жергілікті билік.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85