Ұлытау облысындағы қыстауда үш адам ысқа уланып, көз жұмды

Көмірмен жанатын жылыту пешінің пайдалану ережелері сақталмаған

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 15:24

Көрнекі фото: clubpechnikov.ru

Көрнекі фото: clubpechnikov.ru

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында пештен шыққан ысқа уланып, 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«27 ақпан күні Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары — ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша уланудың себебі – қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41