Ақмола облысында өрттен бір адам қаза болды

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
27/02/2024 - 23:45

Көрнекі фото: ҚР ТЖМ

Көрнекі фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Нұресіл ауылында өрт болып, бір адам қаза болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 08.44-де Целиноград ауданы, Нұресіл ауылындағы аула ғимараттарында 250 ш.м. алаңда өрт болды.

«Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 техника және Астана қаласының ТЖД жеке құрамынан 13 құтқарушы және 4 техника жөнелтілді.

Өрт сағат 10.00-де оқшауланды. Өрт орнында ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91