Лауазымды қызметіне ұқыпсыз қараған тұлғалар жауапқа тартылды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылды

Sarbaz.kz редакторы
27/02/2024 - 22:53

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Шымкент қаласының прокуратурасы өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбау фактілерін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы, қалалық драма театрының бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу)  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұлдар өндірілді.

Сонымен қатар, 30 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қадағалау актісі енгізілді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91