Құтқарушылар Ақсай шатқалынан адасқан туристерді алып шықты

Оқиға Ақсай шатқалындағы өзен мен Ақжар құламасында болған 

Админ
05/08/2023 - 20:37

gov.kz

gov.kz

Ақжар құламасынан 3 адамнан тұратын отбасы: күйеуі, әйелі және 14 жастағы жасөспірім адасып кеткені туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Олар үлкен жартас пен қараңғы болғандықтан өздігінен түсе алмайтынын айтты. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру орнына барды. Сағат 22.40-та ТЖМ құтқарушылары зардап шеккендерге жетіп, төмен түсіру жұмыстарын бастады. Түн ортасында іздеу-құтқару операциясы аяқталды, зардап шеккендерді көлікке жеткізді, – деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ құтқарушылары тауға бара жатқан туристерді, маршруттың көп бөлігін түскі асқа дейін орындап, қараңғы түскенге дейін үйге қайтуға тырысу қажеттігін ескертеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41