Германия канцлері Украинаға Taurus зымырандарын беруге қарсы шықты

Парижде Еуропа елдерінің басшылары бас қосып, Украинаға көмек көрсету мәселесін талқылады

Sarbaz.kz редакторы
27/02/2024 - 21:27

Фото: Carsten Koall / Getty Images

Фото: Carsten Koall / Getty Images

Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға қанатты Taurus зымырандарын жеткізуге қарсы шықты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз бұл жүйемен еш жерде байланыста болмауымыз керек. Біздің істеп жатқан ісіміз соғысқа араласуға әкелуі мүмкін екенін ойламайтындар таң қалдырады», - деді ол.

Германия канцлерінің айтуынша, бұл тым алысқа атылатын қару.

«Ұлыбританиялықтар мен франциялықтардың бақылау және қадағалау тұрғысынан істеп жатқаны Германияда да орындалуы мүмкін емес. Бұл жүйемен айналысқан кез келген адам мұны біледі», - деді Шольц.

Айта кетейік, Парижде өткен кездесуде Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа коалиция құрылып, Киевке алыс және жақын қашықтықтағы зымырандар жіберу қарастырылып жатқанын мәлім етті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91