Ресейдің шабуылынан Украинада бейбіт тұрғындар қаза болды

Ресейлік күштер Харьков, Запорожье және Николаев облыстарын да атқылады

Sarbaz.kz редакторы
27/02/2024 - 20:16

Фото: Olga Maltseva/AFP

Фото: Olga Maltseva/AFP

Ресейдің соңғы тәулікте Украинаның қалалары мен ауылдарына жасаған соққыларынан кемінде бес адам қаза тауып, он адам жараланды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Днепропетровск, Донецк, Херсон және Сумы облыстарында бейбіт тұрғындардың қаза болғаны анықталды. Сол сияқты көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің қирағаны хабарланды.

Ресейлік күштер Харьков, Запорожье және Николаев облыстарын да атқылады, ол жақта бейбіт тұрғындардан зардап шеккен жоқ.

Соңғы тәулікте Украина қарулы күштерінің есебіне сәйкес, майданда 95 әскери қақтығыс болды. Украина әскері жаудың ондаған шабуылына тойтарыс берді.

Агенттіктің мәліметінше, соғысты зерттеу институтының сарапшылары соңғы шолуында ресейлік шенеуніктердің және мемлекеттік БАҚ-тың Ресейдің Украинаға ашқан соғысын көпшілік алдында талқылаудан бас тартқанын атап өтті. Бұл Ресейдің алға қойған мақсаттарына жете алмай, айтарлықтай шығынға ұшырағанын талқылағысы келмейтін болуы мүмкін.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91