Қазақстанға АҚШ-тан психотроптық вейптер жіберілген

Қазақстанға халықаралық пошта арқылы келген

Sarbaz.kz редакторы
27/02/2024 - 18:30

Фото: ҚМА

Фото: ҚМА

Құрамында психотроптық зат бар вейптерді ел аумағына жеткізу арнасы әшкереленді. Психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91