1 млрд теңге: прокурорлар тендер жариялаудағы заңсыздықты анықтады

6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күші  жойылды

Sarbaz.kz редакторы
27/02/2024 - 16:50

Фото: ehonews.kz

Фото: ehonews.kz

Жетісу облысының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгегеден асатын мемлекеттік тапсырысты тоқтатты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, құзырлы орган қызметкерлері мемлекеттік сатып алу конкурстары кезінде заң бұзушылықтарды анықтаған. Құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күші  жойылды.

«Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан. Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған», - делінген хабарламада.

Прокуратура заң бұзушылықтарды дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91