Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр
Халықаралық іздеуде жүрген ер адам Қызылорда облысында қолға түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қызылорда облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді.
«Жедел іздестіру шарасы барысында өткен жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол адам ұрлау бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Департамент мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.