ҰОК президенті төрт жыл мерзімге сайланады
Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин ресми түрде Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) жаңа президенті болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҰОК-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бас ассамблеяның отырысы өтіп, онда Геннадий Головкиннің жаңа басшы ретіндегі кандидатурасы ресми түрде мақұлданды. ҰОК президенті төрт жыл мерзімге сайланады.
«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып Геннадий Головкин сайланды. Бас ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Бүгін Астанада ҚР ҰОК Бас ассамблеясының кезектен тыс отырысында ҰОК президенті мен оның негізгі басқарушы органдарына сайлау өтті.
Ұйымды 2015 жылдан бері басқарған Тимур Құлыбаев қызметінен кетті», - делінген ҰОК хабарламасында.