Жаңа заңда отбасы мүшесіне қол көтергені үшін қандай жаза қолданылады?

Министрліктің мәліметінше, жаңа заңда қол көтеруге қатысты бөлек бап қарастырылған

Sarbaz.kz редакторы
26/02/2024 - 22:28

фото: Halyq Uni

фото: Halyq Uni

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ӨКҚ брифингінде жаңа заңда отбасы мүшелерінің біріне қол көтерген жағдайда қандай жаза қолданылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қол көтерсе, жаңа заңда бұл әкімшілік істен қылмыстық іске ауыстырылады. Қол көтеруге қатысты бөлек бап бар. Онда 80 АЕК-ке дейін айыппұл, 25 күн қамауға алу қарастырылады.

Егер күдікті бірнеше адамға қол көтергені анықталса немесе кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зәбір көрсетсе, яки оның денсаулығына қандай да бір жеңіл зақым келтірсе, онда 200 АЕК айыппұл салынып немесе 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуы, яки 30-дан 50 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сонымен қатар күдіктінің дәл осылай бірнеше адамға зәбір көрсеткені анықталса, мың АЕК айыппұл салынуы мүмкін немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91