«Путин жеңіске жетпейді»: Еуропа елдері Киевке қолдау көрсету мәселесін талқылайды

Олар Парижде бас қосады

Sarbaz.kz редакторы
26/02/2024 - 18:58

Фото: AP / Natacha Pisarenko

Фото: AP / Natacha Pisarenko

Еуропаның 20-ға жуық елінің басшылары Парижде бас қосып, Батыстың Украинаға қолдауын күшейтуді талқылайды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Франция президенті Эммануэль Макронның өкілі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бұл кездесу «Ресейдің агрессиясына қарсы күрестегі бірлік пен табандылықтың» белгісі екенін айтты.

«Біз Путинге Украинамен соғыста жеңіске жетпейтіні туралы өте анық белгі бергіміз келеді», - деді Франция президентінің кеңесшісі.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің видеоүндеуімен ашылатын конференцияға Германия канцлері Олаф Шольц, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон, Испанияның премьер-министрі Педро Санчес, Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте, сондай-ақ Скандинавия елдерінің жетекшілері және Балтық елдері қатысады. АҚШ тарапынан Еуропа және Еуразия істері бойынша мемлекеттік хатшының көмекшісі Джим О'Брайен, ал Канададан қорғаныс министрі Билл Блэр қатысады.

Ақпан айының ортасында Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленский Парижде өткен кездесуде Украинаның қауіпсіздік кепілдігі туралы екіжақты келісімге қол қойған.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06