КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүрген: 71 жастағы әжей алғаш рет куәлік алды

Оған соңғы рет 1974 жылы кеңестік төлқұжат берілген

Sarbaz.kz редакторы
26/02/2024 - 18:28

Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Павлодар облысының тұрғыны Галина Храповицкая осы уақытқа дейін құжатсыз өмір сүріп келген. Соңғы рет 1974 жылы кеңес төлқұжатын алған. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Шарбақты ауданындағы көші-қон қызметінің инспекторлары рейд жүргізу кезінде құжатсыз тұрып жатқан 71 жастағы әжейді анықтаған. Ол жергілікті Николаевка ауылында туып-өскен. Кейін тұрмыс құрып, Алматы облысына көшіп барған, сол жақта 20 жылдай еңбек еткен. Азаматқа 1974 жылы кеңестік төлқұжат берілген екен, бірақ онысын көшіп жүргенде жоғалтып алған», - деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің инспекторы Мәди Сарымов.

Белгілі болғандай, кейін Галина Храповицкая туған жеріне көшіп келген. Бірақ құжатты қалпына келтіру мәселесі бойынша ешқайда бармаған. Осы уақыт ішінде ол еш құжатсыз өмір сүрген. Соған сәйкес, ресми жұмысқа орналасу және медициналық мекемелерге жүгіну мүмкіндігі болмаған.

Көші-қон қызметінің мамандары азаматқа жеке куәлік алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.

Тегтер

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12