Украина Еуропа одағынан 18 млрд еуро, АҚШ-тан 11,8 млрд доллар көмек алудан үміттеніп отыр

Киев 2024 жылы 37 миллиард доллар бюджет тапшылығына ұшырады

Sarbaz.kz редакторы
26/02/2024 - 17:58

Фото: who.int

Фото: who.int

Украина министрлер кабинетінің басшысы Денис Шмыгальдың айтуынша, Киев Еуроодақтан және АҚШ-тан экономикалық көмек алуға үміттеніп отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денис Шмыгаль өз сөзінде Украина биыл АҚШ-тан 11,8 миллиард доллар экономикалық көмек алады деген сенімін білдірді.

Ресеймен екі жылға созылған соғыста Киев 2024 жылы 37 миллиард доллар бюджет тапшылығына ұшырады.

Киевте өткен телекөпірде Шмыгаль америкалық заң шығарушылар Украинаға экономикалық және әскери көмек көрсетуді мақұлдайтынына үміттенетінін айтты.

Киев Еуроодақтың Украинаға арналған қорынан да 18 миллиард еуро алады деп сенім артып отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5