Газада қаза болғандар 30 мыңға жуықтады – ХАМАС

Зардап шеккендер әлі де үйінді астында жатыр

Sarbaz.kz редакторы
26/02/2024 - 17:38

Фото: Mohammed Salem/REUTERS

Фото: Mohammed Salem/REUTERS

Соңғы бір тәулікте Израиль мен ХАМАС қақтығысынан 86 палестиналық қаза тауып, тағы 131 адам жарақат алды. Екі тарап арасындағы соғыстан бүгінге дейін қаза тапқан палестиналықтар саны 29 692-ге жетті, тағы 69 879 адам жараланды. Бұл туралы жексенбі күні ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Xinhua басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз хабарламасында Израильдің қарқынды атқылауы және азаматтық қорғаныс бөлімшелері мен жедел жәрдем бригадаларының жетіспеушілігі салдарынан кейбір зардап шеккендердің әлі де үйінді астында қалғаны атап өтілді.

Газадағы Хан Юнистің батыс аудандары мен Аль-Сабра төңірегін атқылау нәтижесінде бірнеше палестиналық қаза тауып, ондаған адам жараланды, деп қосты ведомство.

Өз кезегінде Израиль қорғаныс күштері (IDF) жексенбі күні Газа секторының оңтүстігіндегі шайқаста екі сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

Израиль армиясы Газаның оңтүстігіндегі шайқас кезінде офицері мен тағы екі сарбазы ауыр жараланып, ауруханаларға жеткізілгенін айтты.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5