Жетісу облысында жол апатынан бірнеше адам қаза болды

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
26/02/2024 - 15:01

Фото: @POLICE_of_KZ

Фото: @POLICE_of_KZ

Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмағандықтан көліктің аударылғаны алдын ала анықталды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

«Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты шектен асырмаңыздар», - деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4