Лукашенко: Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысты мәлімдемесіне еш алаңдамаймыз

Армения одақтан шығатыны туралы ресми хабарлаған жоқ

Админ
25/02/2024 - 23:14

president.gov.by

president.gov.by

Беларусь Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы (ҰҚШҰ) мүшелігіне қатысты мәлімдемесіне «еш алаңдамайды». Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды БелТА. 

Біз бұған мүлдем алаңдап жатқан жоқпыз. Біз Қазанда президенттермен кездесу барсында бұл мәселені жанама түрде талқыладық. Бәрі ойдағыдай, ес кететіндей ештеңе болып жатқан жоқ. Біз ешкімді қумаймыз, Армения ҰҚШҰ-да болғысы келсе, осыған дейін қалай қолдадық, ары қарай да солай қолдаймыз. Ал егер олар ҰҚШҰ-да қалғысы келмесе, онда да бәрібір, одан одаққа ештеңе болмайды, – деді ол.

Оның айтуынша, Ереваннан әзірге ешқандай ресми хабарлама түскен жоқ. Сондықтан оларға асықпай, сабырлы шешім қабылдауға кеңес берді. 

Шығып кету оңай. Бірақ содан кейін қайта кіру қиын болады. Жалпы шығудың да, бірдеңені тоқтатудың да қажеті жоқ, – деп атап өтті Лукашенко. 

 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91