Украина Қарулы күштерінің басшысы: Көптеген бағыт бойынша жағдай күрделі

Ресей әскері майданның бірнеше учаскесінде шабуыл жасап жатыр

Админ
25/02/2024 - 22:30

Сырский/Facebook

Сырский/Facebook

Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский мен Украинаның Қорғаныс министрі Рүстем Умеров алдыңғы қатардағы украин әскери күштерінің командалық пункттеріне барды, деп жазды Сырский өзінің Facebook парақшасында.

Сырский майдандағы жағдайды келесідей сипаттайды:

Жау біздің әскерлердің позицияларына үнемі шабуыл жасауда. Көптеген бағыт бойынша жағдай күрделі және үнемі бақылауды қажет етеді.

Сырскийдің айтуынша, қазіргі жағдайда қажетті іс-қимылдардың қатарына әскерді дрон мен УАБ бомбаларының әуе шабуылдарынан қорғау. Сондай-ақ майданның жекелеген учаскелерін күшейту қажет.

Украина әскери күштерінің мәліметінше, Донецк облысындағы Авдеевка қаласын алғаннан кейін Ресей әскері майданның бірнеше учаскесінде, атап айтқанда Донецк облысында, сондай-ақ Харьков облысындағы Купянск бағытында және Запорожье облысындағы Рабино кентінің маңында шабуыл жасап жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41