Дональд Трамп кезекті праймеризде жеңіске жетті

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Оңтүстік Каролинада 60,8 пайыз дауыс жинады

Админ
25/02/2024 - 17:01

Andrew Harnik/AP Photo/picture alliance

Andrew Harnik/AP Photo/picture alliance

Өз штатындағы праймеризде жеңілгеніне қарамастан, Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы Никки Хейли АҚШ-тағы президенттік сайлауда республикалық партияның атынан өкілдік ету құқығы үшін күресті жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Оңтүстік Каролинадағы алғашқы сайлауда (праймеризде) жеңімпаз атанды. Бұл оның партия ішіндегі қарсыласы Никки Хейлидің туған штаты еді. 

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Оңтүстік Каролинада 60,8 пайыз, ал АҚШ-тың БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі және бұрынғы штат губернаторы Никки Хейли 38,6 пайыз дауыс жинаған. Edison Research институтының мәліметі бойынша, Трамп 60,2 пайызды, ал Хейли 39,2 пайызды иеленген.

Ақпан айының басында Трамп Невада штатындағы партия жақтастарының жиналыстарында (кокустарда) жеңіске жеткен еді. Ал оның басты қарсыласы Никки Хейли ол кезде мүлдем дауыс жинаған жоқ. өйткені оның кандидатурасы тіпті талқыланбады. 

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16