АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерге қарсы тағы да соққы жасады

Админ
25/02/2024 - 16:40

Nicholas.T.Ansell/PA Wire/empics/picture alliance

Nicholas.T.Ansell/PA Wire/empics/picture alliance

АҚШ пен Ұлыбританияның әуе күштері 25 ақпан, жексенбіге қараған түні Йемендегі хусит бүлікшілерінің 18 нысанына бірлескен соққы жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл шабуылдар хуситтердің Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне жасаған шабуылдарына жауап болды.

Пентагонның мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл жасалған нысандардың қатарына жерасты қару-жарақ қоймасы, зымыран қоймасы, дрондар, әуе қорғанысы мен радиолокациялық қондырғылар кірді.

Өз кезегінде Ұлыбритания үкіметі коалицияның Йемендегі хусит әскери нысандарына соққы беруі үшін 24 ақпанда екі Voyager жанармай құю ұшағының қолдауымен Корольдік Әуе күштерінің төрт Typhoon FGR4 ұшағы тартылғанын хабарлады. Хуситтердің барлау және шабуыл жасау үшін пайдаланған ұзақ қашықтықтағы дрондарын жою үшін жоғары дәлдіктегі басқарылатын Paveway IV бомбалары қолданылды.

Соңғы бірнеше апта ішінде АҚШ пен Ұлыбритания Қарулы Күштері Йемендегі хусит нысандарына бірнеше рет бірлесіп соққы жасады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91