Смағұловтың айтуынша, 10 адамнан тұратын фирма 10 мың камуфляж костюмін 2,5 айда тігіп шығарған
Қоғам белсіндісі Дидар Смағұлов Қорғаныс министрлігінің 1 миллиард теңгеге жуық мемлекеттік тапсырысына қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Смағұловтың айтуынша, небәрі 2,5 айдың ішінде штаты 10 адамнан тұратын фирма Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша 10 мың камуфляж костюмін, 43 500 куртка және 1 007 933 жаға жасап берген.
Оның айтуынша, іс жүзінде мұндай тапсырысты 10 қызметкері бар фирма еш демалыссыз кем дегенде 3 жылда бітіре алады.
«Maximus» деген фирма бар екен, оның орташа штаты – небәрі 10 адам! Алайда кішігірім кәсіпорын 6 айда миллионнан астам киім шығарған. 2023 жылы мемлекеттік тапсырысты игерудің жалпы сомасы – 932 784 305 теңге. Бұл ретте олар жалпы 13,6 млн. теңге салық төлеген, – дейді белсенді.
Оның жазуынша, 10 адамнан тұратын фирма небәрі 2,5 айда далалық курткалар мен шалбарлардың 30 мың жиынтығын жасаған. Келісімшарт 2023 жылдың 7 тамызында жасалды, ал 30 барлық тауар дайын болған.
Бар-жоғы 10 адам рекордтар орнатып жатыр. Бірақ оларға сыбайлас жемқорлық көмектесуде. Біз бәріміз ешқандай отандық өндіріс жоқ екенін жақсы түсінеміз, яғни контрабанда мен жемқорлық бар. Бұл жерде Антикор үшін көп жұмыс бар, – дейді Дидар Смағұлов.