Президент тапсырмасы: Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық тәрбие мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын

Sarbaz.kz редакторы
04/08/2023 - 17:42

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігінде Әскери-патриоттық тәрбие тұжырымдамасының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жиын Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен бейнеконференцбайланыс режимінде өтті. Оған мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдіктерінің, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың мамыр айындағы Бүкілармиялық кеңесте қойған міндеттеріне тоқталды. Ел Президенті жастарды тәрбиелеу ісінде аға буын тәлімін пайдалану қажеттігіне зер салып, 2030 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

«Адамгершілік қасиеттер және рухани құндылықтар – біздің жас ұрпаққа қажет дүние. Осыған байланысты жастармен жұмыс істеудің қолданыстағы құралдарын өзгерте отырып, патриоттық тәрбие беру тәсілдерін айтарлықтай түзету қажет», – деп министрдің орынбасары.

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов кеңеске қатысушыларды Қарулы күштердің оң имиджін қалыптастыруға және жастардың әскери борышын орындауға уәждемесін арттыруға бағытталған Қорғаныс министрлігінің (АТТ) ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысынан хабардар етті. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта мұндай жұмыспен Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында 12 мыңнан астам адам қамтылған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91