АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери-әуе күштері бірлескен жаттығу өткізді

Оңтүстік Корея тарапынан оқу-жаттығуға KF-16, F-15K және басқа да ұшақтар қатысты

Sarbaz.kz редакторы
23/02/2024 - 23:32

Фото: Yonhap

Фото: Yonhap

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери-әуе күштері F-35A жауынгерлік ұшақтарымен бірлескен жаттығулар өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жаттығу Оңтүстік Корея аумағында жүргізілді. Айта кетерлігі, Оңтүстік Кореяда АҚШ қолданатын F-35A техникалары жоқ. Олар жаттығу аймағына Жапониядан жеткізілді.

Оңтүстік Корея тарапынан оқу-жаттығуға KF-16, F-15K және басқа да ұшақтар қатысты.

Тараптар Шартты жаудың авиациясы мен қанатты зымырандарына қарсы тұру бойынша қорғаныс іс-қимылдарын пысықтады.

×

Редакция

$ 475.18  510.72  5.47