АҚШ президенті Навальныйдың жарымен және қызымен кездесті

Кездесу Сан-Францискода өтті

Sarbaz.kz редакторы
23/02/2024 - 20:28

АҚШ президенті Джо Байден Алексей Навальныйдың отбасымен кездесті. Кездесуде Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкциялар беруге уәде берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі CNN агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Америка президенті Алексей Навальныйдың жары – Юлия мен қызы – Дарьяны Сан-Францискода қабылдады.

«Мен оның әйелі мен қызымен кездестім. Алексей Навальныйдың батыл адам болғанын айттым. Біз оның өліміне кінәлі Владимир Путинге қарсы санкцияларды ертең жариялайтын боламыз», - деді Джо Байден.

Агенттіктің мәліметінше, Алексей Навальныйдың өліміне байланысты салынатын санкциялар Ресей президенті Владимир Путинге тікелей әсер етеді. Сол сияқты Американың қаржы министрлігі Украинадағы соғысқа қатысы бар 500-ден астам жеке және заңды тұлғаға қатысты санкциялық тізімді жариялады. Ол соғыстың екінші жылдығына арналған.

Айта кетейік, 16 ақпан күні Ресей түрмесінде жатқан оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың қайтыс болғаны хабарланды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91