Заңсыз іске қатысты сотқа талап-арыз берілді
Үржар ауданының прокуратурасы шекаралық белдеуден жер телімдерін заңсыз беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үржар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінен мал шаруашылығын жүргізу үшін заңсыз 11 мың га жер берілгенін анықтады.
«Бүгінгі күні аудан прокурорының ұсынумен 9,2 млн теңгеге 7,8 мың га астам жер мемлекетке қайтарылып, қалғандары бойынша сотқа талап-арыз берілді», - делінген ведомство хабарламасында.