Меркі ауданындағы өрттің ауқымы 300 гектарға жетті

Министрліктің хабарлауынша елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ

Sarbaz.kz редакторы
04/08/2023 - 17:26

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру бойынша тың ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 ормадары) аумағында таулы аумақта болған құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.

Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, кеше Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ аумағында таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанып жатқаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91