Қазақстандық компаниялар Ресей әскеріне қажет құрал-жабдықтар жеткізеді – зерттеу

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғандықтан, тауарлар кедендік тексерусіз шекарадан еркін өтеді

Sarbaz.kz редакторы
23/02/2024 - 17:59

Фото: occrp.org

Фото: occrp.org

«Жалған транзит» схемасының арқасында қазақстандық компаниялар Ресей әскеріне қажет техникалар жіберіп тұрады. Бұл туралы OCCRP басылымының зерттеу материалында жазылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Журналистер алған хатта қазақстандық компанияның жүкті Ресейге жеткізуді тапсырғаны айтылған.

Жалпы алғанда, ресейлік кеденнің мәліметтері бойынша, осы схема аясында ауқымды әскери келісімшарттары бар ресейлік компанияларға шамамен 5,9 млн доллар болатын санкциялық жоғары технологиялық тауарлар жеткізілген.

«Негізгі тауарлардың көпшілігі Беларусь арқылы өтеді. Бұл Түркиядан басқа Еуропаның санкцияланған тауарлары жеткізілетін негізгі орын болып саналады. Беларусьтің рөлі Қазақстан мен Қырғызстанның рөлінен мүлдем бөлек. Беларусь негізгі физикалық қақпа болып саналады. Санкцияланған тауарлар Солтүстік Еуропадан Беларусь арқылы Ресейдің орталығына жіберіледі.

Орталық Азия елдерінің рөлі мүлдем бөлек. Олардың сауда компаниялары сауда делдалдары ретінде әрекет етеді, бірақ санкцияланған тауарлар іс жүзінде бұл елдер арқылы тасымалданбайды», - дейді норвегиялық Corisk компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Эрленд Бьортведт.

Corisk компаниясы Литва, Польша және Германия елдерінің 2022 және 2023 жылдардағы сауда деректеріне сүйене отырып, шамамен 10 миллиард еуроның тауары Беларусь арқылы Ресейге жіберілді немесе Беларуське тікелей экспортталады, ал ары қарай қайта сатылады немесе жай ғана ел арқылы жөнелтіледі деген дәйек келтірді.

Екі ел де Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді, оның ішінде тауарлар кедендік тексерусіз шекарадан еркін өтеді.

Ресей қарулы күштеріне көптеген жеке компаниялар қолдау көрсетеді. Олардың арасында жоғары технологиялық өнеркәсіптік өндірісті қолдайтын конгломерат Ostec Group бар. Компанияның өзі қару-жарақ шығармайды, керісінше өзге әскери арсеналды кеңейту үшін қажетті жабдықтар жеткізеді. Компанияның клиенттерінің арасында Ресейдің бірнеше ірі қорғаныс мердігері бар. Ostec «Точка-У» және «Искандер-М» зымыран жүйелерін әзірлеуші ​​және өндірушілерге шетелдік технологиялар мен техникалық қызметтер көрсетеді.

Конгломерат сонымен қатар Ростехке тиесілі Рязань радиозауытының жеткізушісі және мердігері болып саналады. Сол сияқты Украинадағы соғысқа жіберілетін әуе бомбаларын шығаратын Мәскеудің орталық ғылыми-зерттеу химиялық механика институтының тендерін жеңіп алған және 2020 жылы ірі зиянды технологияны әзірлегені үшін АҚШ-тың санкциясына ұшыраған.

Ostec 2022 жылдың ақпанында соғыс басталғанға дейін бүкіл әлем бойынша өндірілген өнімдерді импорттай алғанын көрсетеді. Олардың көпшілігін Еуропадағы жеткізушілерден, соның ішінде Португалиядан, Словениядан, Бельгиядан және әсіресе Германиядан алған.

«Украина мен Ресей арасында соғыс басталғаннан кейін Ostec-тің еуропалық серіктестерінің барлығы дерлік компанияның жабдықтарынан бас тартты. Тек біреуі ғана байланысын үзген жоқ. Ол – Inter-Trans LLC деп аталатын компания. Компания Польшаның Седльце қаласында орналасқанына және Германияның BMA Spedition GmbH логистикалық фирмасының бақылауында болғанына қарамастан, Inter-Trans компаниясының басым бөлігі Беларусьтің машина жасайтын BelMagistralAvtoTrans кәсіпорнына тиесілі болды. Ал оның директоры – Беларусь бизнесмені Евгений Костюк.

Батыс елдерінің санкциялары енгізілгенге дейін Евгений Костюкпен байланысы бар Ostec компаниясы үшін Қазақстан арқылы балама бағыт жасалып қойған. Костюк Қазақстанмен қарым-қатынасын 2014 жылы орнатқан болуы мүмкін. Себебі, оған тиесілі «Миртранс» компаниясы Қазақстандағы «KBR- Trans» ЖШС-ны сол жылы еншілеп алған.

2022 жылдың мамырында, яғни Украинамен соғыс басталғаннан үш ай өткен соң «KBR-Trans» компаниясының директоры Жанат Ибраев дәл осындай префиксі бар жаңа қазақстандық компания – «KBR-Technologies» ЖШС-ның негізін қалады. Ол Ostec-ке бұрын Inter-Trans жеткізген жоғары технологиялық тауарларды сол қалпы жылдам жеткізуге кірісті. Олардың арасында Оңтүстік Кореядан жеткізілген жабдықтардың алты партиясы болды. Бұл жабдықтар Қазақстан арқылы Беларуське жеткізіліп отырған. Міне бұл журналистер анықтаған алғашқы мәлімет болды», - деп жазылған зерттеу материалында.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85