Шетелдік инвестор сот дауларына байланысты жобасын жүргізе алмай келген – прокуратура

Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңгені құрайды

Sarbaz.kz редакторы
23/02/2024 - 16:56

Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Елордалық прокурорлар шетелдік инвесторға көмектесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Synosure компаниясы Катардың инвесторы «Еlegancia Healthcare W.L.L.» бірлесіп елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр.

«Бұл жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңгені құрайды, оны іске асыру 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алайда, үшінші тұлғалар арасындағы сот дауларына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған. Прокуратура органдарының көмегімен осы мәселе шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.

Инвесторлар туындаған мәселелер бойынша бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алатынын еске саламыз», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91