Радиациядан, химиядан қорғану жолы: ел әскері дайындығын күшейтті

Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Ұлттық ұланның РХБ қорғау мамандары далалық жиында дағдыларын пысықтады

Sarbaz.kz редакторы
23/02/2024 - 16:27

Алматы облысындағы «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында он күн бойы Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлері мен ҚР Ұлттық ұланы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандарының бірлескен жиыны өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жиын бағдарламасы жеке құрамның жергілікті жерлерде және әртүрлі объектілерде имитацияланған уландырғыш заттардың болуын анықтауды, радиоактивті заттарды нақты жұқтыру жағдайында РХБ-барлау жүргізуді үйретуді қамтыды. Әскери қызметшілер тәжірибеде қарсыластың радиоактивті және улы заттарымен ластанған қару-жарақ пен әскери техникасын газсыздандыруды, залалсыздандыруды, дезинфекциялауды үйренді.

«Оқу уақытының сексен пайызы практикалық сабақтарға бөлінді. Жиынға қатысушылар арнайы және барлау дайындығының негіздерін үйренді. Улану кезінде алғашқы көмек көрсету және ұрыс даласында жеке құрамды санитарлық өңдеу және т.б. дағдыларды пысықтады», – деп атап өтті лагерь жиынының бастығы подполковник Нұрпейіс Молдияров. 

Ойлы-қырлы жерлерде ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда әскери қызметшілер арнайы техниканы жүргізді. Сонымен қатар лагерь жиыны кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздар қарсыластың 350 метр қашықтықта бронды техникасын имитациялайтын нысанаға «Шмель» РПО-А отшашарынан іс жүзінде атыс жаттығуларын орындады.

Мамандар заманауи цифрлық байланыс құралдарымен, қару-жарақ түрлерімен, бекіністермен және жергілікті жерді бүркемелеу тәсілдерімен танысты.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезіндегі жеке құрамның іс-әрекеттеріне және қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктерін ескеретін тактикалық мәселелерге де ерекше назар аударылды.

Далалық жиынға барлығы 400-ден астам әскери қызметші қатысты, оның ішінде 26363 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздар да бар. Бұдан бөлек 2024 жылы Десанттық-шабуылдау әскерлеріне түскен талдау есептоп станциясы мен бақылау-тарату өткізу бекетінің жаңа заманауи кешенімен қоса жиырма бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85