СҚО-да жер үй өртеніп, әйел адам қаза болды

Өрттің алдын ала себебі анықталды

Sarbaz.kz редакторы
23/02/2024 - 15:39

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ мәліметіне сәйкес, 23 ақпан күні түнгі сағат 01.25-те СҚО Айыртау ауданының Новокрайнка ауылында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық – 10 км.

«Өрттің ауданы – 96 ш.м. Оқиға орнында 1951 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Төтенше жағдайдың алдын ала себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Жалын сағат 02:14-те оқшауланып, 04:25-те жойылды. Өртті сөндіруге СҚО ТЖД жеке құрамынан 6 адам жəне 2 техника жұмылдырылды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85