Көкшетауда ірі көлемде есірткі сақтаған адам бірнеше жылға сотталды

Сот отырысына студенттер тыңдаушы ретінде қатысты

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 23:11

Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Көкшетау қаласының тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Көкшетау қалалық сотында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін қала тұрғынына қатысты ашық сот отырысы өтті.

«Азамат «К «Telegram» мессенджері арқылы шартты жерде «бетбелгі» түрінде қалдырған психотроптық заттарды сатып алғаны анықталды. Сол жерде азамат «К» психотроптық заттарды қолданып, екінші «бетбелгі» іздеуге шықанында полиция қызметкерлері қолға түсірген.

Ұсталған кезде азамат «К» есірткілік масаң күйінде болған. Сот азамат «К» кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Сонымен бірге сот азамат «К» нашақорлықтан емделуді тағайындады.

Жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу мақсатында сот отырысына студенттер тыңдаушы ретінде қатысты», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, үкім заңды күшіне енген жоқ.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85