Өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істейді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралардағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берді. Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Белгілі болғандай, қазір жағдай тұрақты.
Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:
«Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Көлік құралдарын жүргізушілерге қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады», - делінген мәліметте.