Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтті
Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында лудомания, ішімдік, есірткіге тәуелділік мәселесін көтерді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір лудоманияға, ішімдік пен нашаға тәуелділік мәселесі өзекті болып отыр. Осындай әлеуметтік маңызы бар дертпен күресте жүйелілік жоқ. Әсіресе, лудомания бойынша. Біздің ойымызша, емдеудің заманауи клиникалық хаттамалары болуы керек. Біз МӘМС немесе МКБЗК бойынша жеке қаржылдандыру қарастыру керек деп ойлаймыз. Себебі лудомандар саны артып жатыр. Ішімдік пен есірткіге тәуелділер де көбейіп жатыр.
Осы орайда денсаулық сақтау тарапы жағынан оларға сапалы, қолжетімді және құпиялықты қамтамасыз ету керек. Қажет болса, жеке секторды тартып оларға мемлекеттік тапсырыс беруге болады. Жеке сектордың бұл жерде өз бағыты бар. Бірақ лудомания, ішімдік пен есірткіге қарсы күрес біздің басым бағытымыз болуы керек», - деді Аймағамбетов.