Ол аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы 165 млн теңге иемденген
Астанада алаяқтық жасаған адвокат 11 жылға сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше адвокат өз қорғауындағы азаматтардың мүддесінде өкілдік ету барысында, пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңге қаражатын иемденген.
«Сотталушы аударылған қаражатты өз жұмысы үшін ақысы ретінде алғандығы туралы алқабилерді сендіруге тырысқан, алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағандығын дәлелдеді.
Алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілді. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.