Қазақстанда сот орындаушыларының роботтандырылған жүйесі іске қосылды

Бүгінде 262 мемлекеттік, 2128 жеке сот орындаушысы бар

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 21:16

Фото: tver.mk.ru

Фото: tver.mk.ru

Әділет министрлігі сот орындаушыларының жаңа автоматтандырылған жүйесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әділет министрлігінің өкілі Талғат Уәли Жамбыл облысындағы пилоттық жобаның оң нәтижелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, жаңа роботтандырылған жүйе айыппұл мөлшерін 25%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Осылайша, сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу үшін дау тудырған артық төлемдер алынып тасталды.

«Егер адам айыппұл алып, бес күн ішінде SMS хабарлама алып, айыппұлды төлесе, ол енді сот орындаушыларының жұмысы үшін бұл 25 пайызды төлемейді», - деді Талғат Уәли.

Оның айтуынша, бүгінде 262 мемлекеттік, 2128 жеке сот орындаушысы бар.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91