Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқығы қаншалықты тиімді қорғалады?

Заңнама – зорлық-зомбылықпен күресудің бір түрі ғана

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 20:59

Коллаж: Halyq Uni

Коллаж: Halyq Uni

ЮНИСЕФ өкілі Айсұлу Бекмұса әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі Қазақстан заңнамасындағы өзгерістерге оң баға берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақстанда балалар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша жүйелі реформалар жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, қазір Парламентте талқыланып жатқан заңнамада бірқатар прогрессивті шара қарастырылған. Оның ішінде, зорлық-зомбылықтың небір түрінен зардап шеккен балаларға көмек көрсету бөлімін айта кеткен жөн. Бұл өте маңызды», - деді ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау бағдарламасының жетекшісі Айсұлу Бекмұса.

Ол сондай-ақ заңнама балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресудің бір түрі ғана екенін айтты.

«Заңнама – балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресудің бір түрі. Ең алдымен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу өте маңызды. Егер отбасында әйел адам зорлық-зомбылыққа ұшыраған болса, бала да сондай жағдайға тап болады. Сондықтан профилактикалық қызмет туралы айту өте маңызды», - деді спикер.

Айсұлу Бекмұса соңғы жылдары заңнамадағы оң өзгерістерді атап өтті.

«2023-2025 ​​жылдарға арналған зорлық-зомбылықтың алдын алудың кешенді жоспары қабылдағанына өте қуаныштымын. Сондай-ақ бірқатар игі шаралар қолға алынған. Енді сапалы түрде іске асырылады деп сенемін», - деді Айсұлу Бекмұса.

Айта кетейік, Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанованың айтуынша, 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 99 мыңнан астам шағым түссе, осы аралықта балаларға қатысты 2452 қылмыс жасалған.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85