Қонаевта пара алған прокурор ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 20:19

Фото: Бас прокуратура

Фото: Бас прокуратура

Алматы облысында Балқаш ауданының аға прокуроры үш млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктінің ұсталғанын растады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Биыл 12 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаев қаласында ұсталғанын растаймыз», - деп хабарлады ҰҚК.

Ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Тергеу мәліметтері ҚР ҚІЖК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілуге жатпайды.

Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысындағы кәсіпорынның бұрынғы директоры 100 миллион ұрлық жасағаны үшін сотталғаны хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94