Түркия мен Сомали «Қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық келісіміне» қол қойды
Сомали ақпарат министрі Дауд Авейс елінің Түркиямен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық келісімі туралы өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Екі ел арасындағы келісімнің өте маңызды қадам екеніне назар аударған Авейс «Министрлер кабинеті НАТО мүшесі және Сомалидің жақын одақтасы Түркиямен жасалған қорғаныс саласындағы ынтымақтастық келісімін бекітті. Маңызды ерекшелікке ие осы 10 жылдық келісім Сомали үкіметінің өз егемендігін қорғау жөніндегі күш-жігерін айтарлықтай күшейтеді» деді.
Түркия мен Сомали 8 ақпан күні қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін қамтитын «Қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық келісіміне» қол қойған болатын.
Экономикалық және саяси шиеленісті бастан өткерген Сомалиде «Аш-Шабаб» ұйымы жылдар бойы қауіпсіздік мәселесі тудырып келеді.