Мемқызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған күдікті ұсталды

Залал сомасы 49 млн теңгеден асып түсті

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 17:14

Қарағанды облысында мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деп күдіктелген тұрғын ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.

Тінту кезінде одан 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

«Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп отыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44