Иран Ресейге жүздеген баллистикалық зымыран жіберді

Зымырандар Каспий теңізі арқылы да, әуе тасымалы арқылы да жеткізілген

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 16:26

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Иран Ресейге қуатты баллистикалық зымырандарын жіберіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Ресейге Zolfaghar секілді Fateh-110 санатының 400-ге жуық зымыраны жеткізілмек. Олар 300-ден 700 км-ге дейінгі қашықтықта тұрған нысанға соққы бере алады және жүк көлігіне негізделген қондырғыдан іске қосылады.

Келісім өткен жылдың соңында әскери кездесулер барысында жасалған. Оның айтуынша, алғашқы тасымалдау қаңтар айының басында басталған. Мәлімет бойынша, бүгінге дейін зымырандардың кем дегенде төрт партиясы жіберілген және алдағы апталарда тағы да тасымалдаулар болады. Зымырандар сол сияқты Каспий теңізі арқылы да, әуе тасымалы арқылы да жеткізілген.

«Тасымалдау мөлшері көп болады. Оны жасырмай-ақ та қоюға болады. Өзіміз қалаған кез келген мемлекетке тасымалдай аламыз. Оған тыйым жоқ», - дейді агенттікке сұхбат берген дереккөздердің бірі.

Иранның зымыран технологияларының экспортына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі белгілеген шектеулер қазан айында аяқталған. Бұл шектеуді ұзарту үшін Ресей қарсылық көрсетпеуі керек.

Иран 2022 жылдан бастап Ресейдің Украинаға шабуыл жасауына мүмкіндік беретін Shahed 131/136 соққы дрондарын көп мөлшерде жеткізіп келеді. Ресейде бұл дрондар «Герань-2» деп аталады.

Басылым мәліметінше, соңғы апталарда Ресей әскері Украинаны Солтүстік Кореяда жасалған баллистикалық зымырандармен бомбалап жатыр. Украина әскерінің мәліметінше, бұл техникада дәлдік ақсап тұр.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4