100 млн теңге жымқырған: мемлекеттік кәсіпорынның бұрынғы директоры сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 15:58

Фото: gamn.org

Фото: gamn.org

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91