Қарағандыда балалардың жаппай улануы: сынама нәтижесі белгілі болды

Балалардың нақты неден уланғаны белгісіз

Sarbaz.kz редакторы
03/08/2023 - 23:34

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан улану диагнозымен түскен балалардан алынған сынаманың талдау нәтижесі мәлім болды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Талдау нәтижесі бойынша барлық келіп түскен пациенттерде тамақтан улану расталмады. Материалдар уланудың нақты себептерін анықтау үшін ауқымды зерттеуге бағытталған», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, олардың айтуынша, 3 тамызда жалпы жағдайының жақсаруына байланысты нейробоксирленген бөлімшеге түскен тағы екі бала шығарылды.

«Қазіргі уақытта 9 баланы стационарлық емдеу жалғасып жатыр (реанимацияда – 6, нейробоксирленген бөлімшеде – 3). Динамикада барлық пациенттердің жағдайы тұрақты, нашарлап жатқан жоқ», - деп толықтырды ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға елде осындай мекемелерге кешенді тексерулер ұйымдастыруды тапсырды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай, ішек инфекциясына жүргізілген сынақ теріс нәтиже берді.

Балалардың нақты неден уланғаны белгісіз.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91