Тайланд, Мьянма, Лаос елдерінде 100-ге жуық қазақстандық құлдықта жүр

Елшіліктің жәрдемімен аталған елдердің аумағынан 28 азамат шығарылды

Sarbaz.kz редакторы
21/02/2024 - 23:30

Фото: sb.by

Фото: sb.by

Тайландпен шекаралас елдерде соңғы екі жылда 200-ге жуық қазақстандық құлдықта болған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас Мьянма және Лаос аймағында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскені белгілі болды. Елшіліктің жәрдемімен аталған елдердің аумағынан 28 азамат шығарылды», - дейді Айбек Смадияров.

Ол өз сөзінде 60-қа жуық отандасымыз елшіліктің көмегіне сүйенбей, Қазақстанға өз еркімен оралғанын айтып өтті.

«Қазір бізде бар ақпаратқа сәйкес, аталған елдер аумағында 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр», - деді Айбек Смадияров.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91